09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

There is no translation available.

WhatsApp_Image_2022-10-28_at_09.55.12.jpeg

          Әмір Нұрлан Әмірұлы 1968 жылдың 25 қазанында Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Орта мектепті 1985 жылы бітіргеннен кейін Н.Бекежанов ауылында колхозшы болып жұмыс атқардым. 1986 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетіне І курс студенті болып қабылдандым. 1987-1989 жылдар аралығында кеңес әскері қатарында борышын өтедім. 1994 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

Шиелі аудандық мәслихат депутатымын.

         Еңбек жолын 1994 жылы 08 тамызынан бастап, Шиелі аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде дәрігер анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша бастадым. 1997 жылы қан құю бөлімінің меңгерушісі лауазымын қоса атқардым.

2002-2003 ж.ж. УДЗ дәрігері болып жұмыс жасадым.

2003 жылдың 31 желтоқсанында Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.

2009 жылы 07 шілдесінде Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметіне тағайындалдым.

2010 жылдың 02 наурызында Шиелі аудандық емханасының бас дәрігері қызметін атқардым.

2013 жылдың 27 қыркүйегінен бастап Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.

2016 жылдың 05 желтоқсанынан бастап, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 01.11.2016 жылғы №1254 бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің қызметі тоқтатылып «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып қайта құрылуына байланысты «Туберкулезге қарсы» бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалдым және «Психиатриялық» бөлімшесі меңгерушісі лауазымын қоса атқардым.

2019 жылдың 28 мамырында Шиелі ауданаралық ауруханасының «Аурухана» бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылдың 31 мамырынан бастап, Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері міндетін уақытша атқарушымын.

2019 жылдың 10 шілдесінен бастап Шиелі ауданаралық ауррухангасының бас дәрігері.

 Отбасылы.