09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

There is no translation available.

Бәйгеқұм ауылдық ауруханасы Шиелі аудандық атқару комитетінің  15.01.1982 жылғы №58  бұйрығының шешімімен 1982 жылы пайдалануға берілген типтік жобамен соғылған екі қабатты ғимарат.
Бұл аурухана алғаш рет 1951 жылы Жөлек елді мекенінде «Жөлек» ауылдық ауруханасы болып ашылған, 1982 жылы Бәйгеқұм елді мекеніне көшірілгенге дейін Жөлек елді мекенінде жұмыс істеген.
Бірінші қабатында емхана , балалар қабылдау бөлімі , әйелдер қабылдау бөлімі, зертхана және егу,таңу бөлмелері орналасқан.
Екінші қабатында 25 орындық (алғашқыда 50 төсектік) стационарлық емдеу бөлімі, асхана, физиотерапиялық әдіспен емдеу бөлмесі , рентген бөлмесі  орналасқан. 
Аурухана алты елді мекенге (Балаби , Жөлек, Ортақшыл , Қызылқайың, Жуантөбе, Бәйгеқұм) медициналық қызмет көрсетеді.
1997 жылы  жеке заңды тұлға болып аудандық аурухана балансынан бөлініп шыққан.2005 жылдан 2010 жылға дейін  облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаржыландырған.
Аурухана жұмыс істеп келе жатқалы  1963 – 1965 жылдары Әбдіхалықов Иманғали Әбдіхалықұлы Жөлек АА- да бас дәрігер , 1969 – 1973 жылдар аралығында Ахметов Ыбырай Жөлек АА- да бас дәрігер, 1973 – 1988 жылдары Жөлек  - Бәйгеқұм ауылдық ауруханасының бас дәрігері Тоқсанбаев Бектас Болатұлы,  1988 – 2004 жылдар аралығында Әбуов Әбсадық Жүнісұлы, 2004 жылы 6 мамырдан бастап Мұхамедова Зағира Реджепқызы бас дәрігер қызметін атқарған.
2009 жылдың 31 желтоқсан айынан бастап  Қызылорда облысы әкімдігінің 24.07.2009 жылғы № 479 қаулысы  негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының 5.08.2009 жылғы № 802 бұйрығына сәйкес Шиелі аудандық ауруханасына қарасты Бәйгеқұм бөлімшесі және Шиелі аудандық емханасына қарасты Бәйгеқұм дәрігерлік амбулаториясы болып екіге бөлінді.
Бәйгеқұм бөлімшесінде - 25 төсек орындық 10 палатада, бөлім меңгерушісінің бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, аға аяжан бөлмесі, аға бибі бөлмесі, асхана, физикалық емдеу бөлмесі, егу бөлмесі, жуынатын бөлме, әжетхана бар.
Бәйгеқұм бөлімшесінде барлығы – 37 қызметкер жұмыс істейді. 
Оның ішінде   дәрігер - 2, біреуі жоғары санатты  дәрігер-терапевт, аяжандар -16 (оның жоғары санаттысы -5,бірінші санаттысы- 2) , зертханашы -1(жоғары санатты), жүргізуші -1, жұмысшылар-6, тазалықшылар- 9, аспазшы- 1, асхана жұмысшысы – 1. 

Бөлім меңгерушісі:                                    З.Р. Мұхамедова