09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

 

Мұсағалиева Бақтыгүл Сағидоллақызы 1984 жылы Ақтөбе  қаласындағы мемлекеттік медицина институтына «педиатрия» мамандығы бойынша І курс студенті болып қабылданған. 1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина  институтын ойдағыдай бітіріп,  1990-1992 жыл аралығында аталған оқу орынында интернатурадан өткен. 1992 жылы Шиелі аудандық ауруханасына невропатолог дәрігер міндетіне жұмысқа қабылданған. 2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-нің «Демеу-Шиелі» медициналық санитарлық бөлімшесінде дәрігер невропатолог қызметін атқарған. 2010 жылдың 12 мамырында «Шиелі аудандық орталық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық  қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған. Бүгінгі таңда  «Амбулаториялық –емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарып келеді. Жоғарғы санатты дәрігер невропатолог. 2014 жылы Ұлттық бизнес рейтинг бойынша 2014 жылдың жыл маманы ұлттық сертификатымен, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясы ҚОФ Алғыс Хатымен 2017 жылы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. Ол өзінің білікті, тыңғылықты, жауапты іскер маман екенін көрсете білді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ұжым арасында үлкен беделге ие, науқастармен жақсы қарым қатынаста, оңай тіл табыса біледі, отбасылы, жанұяда үш ұл тәрбиелеп отырған үлгілі ана.