09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

Шиелі ауданаралық ауруханасында төмендегідей денсаулық сақтау мектебі қызмет көрсетуде:

  •  Артериалдық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруы мектебі;
  • Бронх демікпесі мектебі;
  • Қант диабеті мектебі;
  • Қауіп- қатер факторлары мектебі;(темекі шегушілік,семіздік,алкоголь тұтыну,төмен дене белсенділігі)
  • Отбасын жоспарлау мектебі;
  • Бала тууға дайындық мектебі.

Денсаулық сақтау мектептерінде көрсетілетін қызметтер тізбесі:

  • Пациенттерді практикалық біліктіліктерге оқыту (қан қысымын өлшеу, жүрек соғысы, қандағы қантты анықтау, демалудың жылдамдығын анықтау,артық дене салмағын есептеу);
  • пациенттердің аурулар туралы ақпараттандырылуын арттыру, ауруға әкелетін жағдайларды түсіндіру, асқынулардың алдын –алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету;
  • пациенттерді мақсатты таңдауға, сауығу бойынша жеке іс-әрекеттері жоспарын құруға үйрету және олардың орындалуын бақылау;
  • пациенттерде асқыну және криз жағдайларында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек бойынша практикалық біліктерді қалыптастыру;
  • қан қысымы, гипергликемия, тұншығу ұстамасы асқынғанда өзі-өзіне көмек көрсету біліктіліктеріне дағдыландыру.
  • Отбасын жоспарлауға және бала тууға қажетті ақыл кеңестер беру.
  • Оқуды тар буынды мамандар (кардиолог, эндокринолог, гинеколог), жалпы тәжірибелі дәрігерлер, психолог мамандар жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау мектебі байланыс телефоны: 8(72432)-4-29-01

Жұмыс уақыты:08-00.18-00 түскі үзіліс: 13-00.15-00