Шәукебаев Казбек Алтынбекұлы 1972 жылдың 14 ақпанында Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Шиелі қыстағында дүниеге келген. Орта мектепті 1989 жылы бітіргеннен кейін Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетіне студент болып қабылданып, 1995 жылы дәрігер мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1995 жылы 11 тамыздан бастап Шиелі аудандық ауруханасының «Реанимация» бөлімінде дәрігер анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша бастаған. 1996 жылы Шиелі аудандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы.
2003 жылдың 22 желтоқсанынан бастап ҰАҚ ЖАҚ «Кен басқармасы №6» медико-санитарлық бөлімі филиалының бас дәрігері.
2010 жылдың 9 с
әуірінен бастап «Шиелі аудандық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері.
2015 жылдың 17 қарашасынан қазіргі таңға дейін «Шиелі ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның бас дәрігердің бастапқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.
2010 жылы Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетін бітірген.
2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Шиелі аудандық мәслихат депутаты. «Нұр-Отан» партиясының мүшесі.
Шәукебаев Казбек Алтынбекұлын әр дайым біліктілігін арттырып, білікті маман, абыройлы азамат ретінде тани отырып, болашақта да барлық күш жігерін еліміздің егемендігін нығайтуға, халық денсаулығының өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз.
Отбасылы. Отбасында 1 ұл 2 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке.
Кандидатура Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 29.06.2021 жылғы №2 хаттамасымен талқыланып, ұсынылды.