Шәукебаев Қазбек Алтынбекұлы. Қызылорда облысы Шиелі ауданы,
Денсаулық сақтау саласының менеджері.
Жоғары санатты дәрігер.
Шиелі аудандық мәслихат депутаты.
Шәукебаев Қазбек Алтынбекұлы 1972 жылдың 14 ақпанында Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Шиелі қыстағында дүниеге келген. Денсаулық сақтау саласының менеджері. Жоғары санатты дәрігер. Шиелі аудандық мәслихат депутаты. Ұлты қазақ. Орта мектепті 1989 жылы бітіргеннен кейін Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетіне студент болып қабылданып, 1995 жылдың 29 маусымында дәрігер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1995 жылы 11 тамыздан бастап Шиелі аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде дәрігер анестезиолог – реаниматолог мамандығы бойынша бастады. 1996 жылы Шиелі аудандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетіне сайланды. 2014жылдың 2 маусымынан бастап Облыстық денсаулық басқармасының бұйрығына сәйкес "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы" бас дәрігері қызметіне тағайындалған. 2015 жылдың 18 қарашасынан бастап Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы" бас дәрігерінің бастапқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған. 2007 жылы Еңбек медицинасы, кәсіби патология және өнеркәсіп экологиясы институтының жанында «Терапевт, невропатолог, хирург, ЛОР, окулист, дерматолог, дәрігер- лаборант, функционалдық диагностика дәрігерлері үшін және т.б» «Кәсіби патология» тақырыбы бойынша білімін жетілдірді. 2014ж. "Передовые подходы в управлении медицинскими организациями ", Медицинский центр Управления делами Президента РК. МВА Университет прикладных наук Верхней Австрии 2017 ж. "Медициналық ұйымдарындағы сапаны көтерудің үздіксіз жүйесі". "Республикалық Медициналық Университеті" ЖШС КОФ 2010 жылдың 8 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Марапаттары: Алғыс хат. Қазақстан республикасының 10 жылдығына байланысты. 2001ж, 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Аудан әкім, аудан мәслихат хатшысы Алғыс хаттары. Шиелі өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерен еңбек үшін. 2009 – 2013жж. Төс белгісі «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне». 06.10.2003ж. ҚР Ұлттық бизнес рейтинг ордені "Қазақстан Данқы" 14.03.2014ж. ҚР Ұлттық бизнес рейтинг Алтын ордені - "За заслуги в медицинской сфере", 11.03.2016ж Ұлттық сертификат "Лучший руководитель года 2015" 11.03.2016ж. ҚР Ұлттық тауар және қызмет сапа рейтингі "Сапа Жұлдызы", 07.06.2016ж. Жалпы медициналық еңбек өтілі - 20 жыл 7ай; «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының саяси бюро мүшесі , 2012 жылы қаңтар айыннан бастап осы уақытқа дейін аудандық мәслихат депутаты. |