Шиелі аудандық ауруханасы тарихы Қазан төңкерістен бұрын, Түркістан өлкесі, Жөлек уезі тұрғындарына медициналық көмек көрсететін алғашқы емдеу мекемесінен басталады. 1910 ж. Скобалев уезінде (қазіргі Шиелі) Түркістан өлкесі генерал-губернаторы жарлығымен 15 төсектік аурухана пайдалануға берілді. Аурухана кұрамында операциялық блок, тіс кабинеті, дәріхана кұрылымдары болды.Аурухана амбулаторлық режимде жұмыс істеп , халыққа дәрігерлік медициналық көмек көрсетті .
1935 ж. ауруханада төсек саны 35- ке жетті.
1940 ж. ауданда Қызыл Кресттің аяжандар дайындайтын курсы ашылды.
1947 ж. алғашқы рентген кабинет ашылып, әйелдер консультациясы жұмыс істей бастады. Төсек саны 70 - ке жетті .
Елуінші жылдары аурухана қарамағына емхана біріктірілді , аурухана құрамында 32 акушерлік – фельдшерлік пункт ,колхоздарда 13 әйел босандыратын үй ,
16 жылжымалы медициналық пункт , 35 төсектік Бәйгеқұм ауылдық ауруханасы болды.Жалпы төсек саны 315- ке жетті .
1974 жылы Шиелі аудандық ауруханасы жаңа ғимаратқа көшірілді .80-90жылдары аудандық аурухана жаңа жас мамандармен толықты ,жаңадан гинекология , травматология , реанимация –анестезиология бөлімдері ашылды, көрсетілетін көмек ауқымы кеңейіп , күрделене түсті .Шиелі аудандық ауруханасы тек жанға шипа іздеген жандарды емдеу орнына ғана емес , республика, облыс деңгейінде танымал мамандарды тәрбиелеп шығарған кадрлар мектебіне айналды.