09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма
Шиелі кенті, Жайлыбаев 58
Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05
Туберкулез – бұл туберкулез микобактериясы туғызатын және науқас адамнан сөйлеген, жөтелген және түшкірген кезде өкпе тінін басымдықпен оқшаулай отырып, ауа жолдары арқылы берілетін инфекциялық ауру. Туберкулезді профилактикалық емдеу – осы қауіпті төмендету мақсатында туберкулезбен ауыру қаупі бар адамдарға ұсынылатын емдеу.
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың 28.03.2019 жылғы жоспарына сәйкес Елорданың Нұр-Сұлтан атауына өзгеруіне байланысты іс-шаралар негізінде емханада 30 наурыз күні «Нұрлы қала-Нұр-Сұлтан »атты ашық есік күні өткізілді. Емханадағы барлық медицина қызметкерлері белсенді атсалысты .Іс-шара барысында арнайы тақырыпқа сай бұрыш ұйымдастырылды, видео-роликтер көрсетіліп, үн парақшалар таратылды.
5 ақпан 2019 жылы №48 А.Қоңыратбаев атындағы мектепте 8 А,б,В,Г сыныптары- 9 А сыныбы арасында - "Бала құқығы, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында емхана психологы Шалбаева Индира баяндама оқыды. Мектеп тəлімгері Н.Көпенова мектеп оқушыларының тəртібі мен сабақ үлгерімдері жайлы тоқталды.
04.02.2019 жылы Ортақшыл ауылы, №150 мектепте Жасөспірімдер арасында күйзелісті болдырмау және оның алдын алу тақырыбында 6-7 сыныптар арасында Емхана психологы Н.Алматқызы баяндама оқып, "Қимыл- қозғалыста болайық", "Тепе-теңдікті бір қалыпты ұстау", " Оның есесіне мен ....." жаттығу тренингтері жүргізді.Қатысқандар: Емхана психологы Алматқызы Нағима, мектеп психологы Асанова Сауле, мектеп мұғалімдері, 6-7 сынып оқушылары.
25.01.2019 жылы Досбол би ауылы №155 мектебінде салааралық жоспарға сəйкес 8-11 сынып арасында күйзеліс және оның алдын алу жолдары, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша баяндама жүргізілді.
9.01.2019 жылы Бидайкөл ауылында №148 мектебінде салааралық жоспарға сəйкес 6-7-8 сынып арасында салауатты өмір салтын ұстану, зиянды əдеттердің алдын алу бағытында баяндама оқылып, роликтер көрсетілді.
05.12.2018 жылы "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық 16 күн" атты кең ауқымды емхана мәжіліс салааралық бағытта акция болып өтті.
07.12.2018 жылы Шалғай жаткан елді-мекенде "Зорлық-зомбылық балалық шақ" атты Бестам ауылында №205 мектепте семинар - тренинг өткізілді.