09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

There is no translation available.

WhatsApp_Image_2022-10-28_at_09.41.56.jpeg

Курбангалиева Гульмира Валиуллаевна , 1968 жылдың 13 сәуірінде Қызылоржда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1975- 1985 ж.аралығында Шиелі кенті Ы.Жақаев атындағы №244 орта мектепті бітірген.

1988 -1994 ж.ж. аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» мамандығын бітіріп шықты.

1994- 1999 жыл аралығында Шиелі аудандық ауруханасында аймақтық терапевт, 1999-2010 ж.ж аралығында «Болашақ» ЖДЕ –да дәрігер, 2010 -2015 жыл аралығында Аудандық емхананың сарапшы-дәрігері, ал 2015 жылдан бастап бас дәрігердің Пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

2011 жылы ҚР ДСМ РМК Денсаулық сақтауды дамыту институтында «Медициналық көмек сапасын басқарудың өзекті сұрақтары.Сараптамалық қызмет негіздері» циклы бойынша «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілігін арттырған.

2015 жылы Қазақ мдициналық үздіксіз білім беру университетінде «Медициналық ұйымдардағы ішкі аудит және науқасты қолдау ісі қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында біліктілік арттырудан өтті.

2015 жылы ҚР ДСжӘДМ  Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы бойынша қайта даярлаудан өтті.

2016 жылы С.Д.Асфендияров атындағы  Қазазақ Ұлттық медициналық университетінде «Қазақстан Республиксында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негіздері» тақырыбында семинар-тренингке қатысқан.

2017 жылы Дипломнан кейінгі денсаулықсақтау кадрлары Академиясында «Денсаулық сақтау саласындағы медиативті біліктік» тақырыбында курсқа қатысқан.

2018 жылы ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығында «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Корпоративтік басқару және менеджмент» циклы бойынша біліктілігін арттырған.

2021 жылы ҚР ДСМ Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында «Аудит в службе родовспоможения» шебр-классқа қатысқан.

2022 жылы Ресей Республикасы, Казан қаласында өткен «Новые нормативно-правовые акты в здравоохранении» тақырыбындағы Ғылыми конференцияға қатысты.

Жұмыс барысында алынған марапаттар: 1995 жылы облыстық дәрігерлері сайысына аудан атынан қатысып «Үздік дәрігер» номинациясы бойынша марапатталған, 2005-2017 ж. Облыстық денсаулық денсаулық сақтау мадақтамаларымен, 2018 жылы «Үздік дәрігер» төс белгісімен марапатталған.

2019 жылы 29 мамырда  «Терапия» мамандығы бойынша 1 санатты қорғады.