09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

There is no translation available.

Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы

Байқау кеңесінің төрағасы


Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 
«№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігері
 
Туылған күні: 29.04.1969 ж.
 
Білімі: Жоғары. 1994жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер педиатр» мамандығы бойынша бітірген.
 
2017жыл - Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын алған.
 
Еңбек өтілі: 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылдық учаскелік ауруханасының дәрігері ретінде бастаған.
2002-2004 жж. – Сүттіқұдық жанұялық дәрігерлік емханасының аға дәрігері, Жаңақорған аудандық емханасының бөлім меңгерушісі.
2004-2018 жж. – Жаңақорған аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігер, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2019жж. – Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері.
2019-2020жж. – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
16.09.2020ж. – ШЖҚ КМК «№5 қалалық емханасы» бас дәрігері.

Достанова Мейрамкул Кузденбаевна

Байқау кеңесінің мүшесі

Достанова  Мейрамкүл Кузденбаевна 1968 жылдың 3 мамырында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1985 жылы арнаулы орта мектепті бітірген. 1986-1988 жылдар аралығында Кострома қаласында  «Советское торговля» техникумын «бухгалтер» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2005 жылы «Болашақ» университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

1988 - 1992 жылдар аралығында «Горкоопторг» облпотребсоюзда сатушы;

2004 - 2005 жылдар аралығында Жалағаш аудандық салық комитетінің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің маманы;

2005 жылы облыстық денсаулық сақтау департаментінде жетекші маман;

2005 - 2010 жылдар аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінің бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші маманы;

2010 - 2012 жылдар аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бюджеттік бағдарламаларының орындалуына мониторинг жасау бөлімінің бухгалтер экомист маманы;

2012 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің басшысы.

  

Әмір Нұрлан Әмірұлы

 Nurlan

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әмір Нұрлан Әмірұлы 1968 жылы казан айының 25 жұлдызында Шиелі ауданы, Жидеі-арық ауылында дуниеге келген. 1975 жылы № 206 мектеп табалдырығын аттады. 1985 жылы Еңбекші ауылындагы № 159 орта мектепті бітірген. 1985-1986 жыл аралығында Н.Бегежанов ауылында колхозшы болып жұмыс аткарған. 1986 жылы Актөбе мемлекеттік медицина институтына « Емдеу ici» мамандыгы бойынша 1 курс студенті болып оқуга тусіп, 1987- 1989 ж.ж. аралыгында кеңес әскepi катарында борышын өтеді. 1994 жылы Актөбе каласындағы Актөбе мемлекеттік медицина институтын « дәрігер» мамандыгы бойынша оқу орнын бітіріп шыккан. Сол жылдан бастап Шиелі аудандык ауруханасында реанимация бөлімінде «анестезиолог-реаниматолог» дәрігері болып жұмыс аткарды. 1997 жылы кан құю бөлім менгерушісі қызметін қоса атқарды. 

2002-2003 ж.ж. « УДЗ» дәрігеpі болып жұмыс жасады. 2003-2009 ж.ж. аралыгында аудандык аурухана бас дәрігерінің емдеу ici жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2009 жылы Шиелі аудандык туберкулезге карсы күрес диспансерінің бас дәрігері кызметіне тағайындалды. 2010 жылы 7 cәуір айынан бастап «Шиелі аудандык емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорнының бас дәрігері міндетіне тагайындалган. 

27 қыркүйек 2013 жылдың - 1 желтоқсан 2017 жылдары  «Шиелі аудандык туберкулезге карсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас дәрігер болып қызмет атқарды. 

2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты психиатрия бөлімінің меңгерушісі қызмет атқарды.

2019 жылдың 10 - шілдесінен бастап қазіргі таңға дейін "Шиелі ауданаралық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері қызметін атқаруда.

«Нұр Отан » партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы. 

1996 жылы «Үздік дәрігер» номинациясына ие болган, бірнеше рет Облыстык денсаулык сактау баскармасының және аудан әкімдігі тарапынан «Алғыс хаттар» мен «Марапат» кағаздарына ие болган. 

Алғыс хат 2011 жылгы 3 сәуірдегі ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыру мен етгізуде жоғары белсенділік танытқаны үшін, 2011 жылы « Қызыл орда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін « Қызылорда облысына-70 жыл» медалімен марапатталды. 2012 жыл куәлік №419 «Қазахстан Республикасы денсаулык сактау iciнің үздігі» белгісімен марапатталды. Алғыс хат «Медицина кызметкері күніне» 2012 жыл. 2013 жыл Күәлік №0316 КР Ұлттык бизнес ретинг орталыгының ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстан Даңкы» орденімен марапатталды. 

Отбасылы. 

Шорабаев  Яхия  Кәдірбекұлы

yahia

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен 2018 жылдың 1 қазанынан бастап «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы 1958 жылдың 3 қыркүйегі күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер педиатр» мамандығы бойынша бітірген.

1994-1996 жылдары Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер ординатор

1996-1999 жылдары Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация және интенсивті емдеу бөлімшесінің бөлім меңгерушісі

1999-2005 жылдар аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

2005-2012 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің мемлекеттік сатып алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

2012-2016 жылдары Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасының бас дәрігері лауазымында қалтқысыз қызмет етті.

2016 жылдың қаңтарынан бастап «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері қызметін атқарды.

2018 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс жасап келді.

01.10.2019 жылдан бастап - «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері қызметін атқаруда