09.00 - 18.00 Дүйсенбі - Жұма

Шиелі кенті, Жайлыбаев 58

Қабылдау бөлімі: +7 (72432) 4-64-05

There is no translation available.

     Туберкулезді ерте анықтау

 

 Туберкулез – бұл туберкулез микобактериясы туғызатын және науқас адамнан сөйлеген, жөтелген және түшкірген кезде өкпе тінін басымдықпен оқшаулай отырып, ауа жолдары арқылы берілетін инфекциялық ауру. Туберкулезді профилактикалық емдеу – осы қауіпті төмендету мақсатында туберкулезбен ауыру қаупі бар адамдарға ұсынылатын емдеу.

     

Туберкулезді ерте анықтау мақсатында мыналар пайдаланылады:

      1) туберкулездің зертханалық диагностикасы: аурудың клиникалық белгілері бар адамдар арасында молекулярлық-генетикалық әдіспен зерттеу және қақырық жағындысының микроскопиясы. Қақырықты жинау және зертханаға зерттеу үшін жеткізу барлық медициналық ұйымдарда екі күн ішінде жүзеге асырылады. Қақырықтың 2 үлгісі алынады, олардың бірі – таңертеңгі бөлік. Бір порциядан молекулярлық-генетикалық әдіспен зерттеу жүргізіледі, оң нәтиже болған жағдайда екінші порциядан жағынды микроскопиясы жүргізіледі. Үлгілерді бір күн ішінде, екі порция арасында кемінде 30 минут аралықпен жинауға рұқсат етіледі.Туберкулезге зерттеу жүргізу үшін қақырық тоңазытқышта 3 тәуліктен асырмай сақталады; Балаларда қақырық болмаған кезде асқазанның (бронхтардың) шайынды суы немесе 2 күн бойы таңертең ашқарынға хлорлы натрийдің 5% ерітіндісімен ингаляциядан және бронходилятациядан (сальбутамол 100-200 микрограмм) кейін алынған индуцияланған қақырық, назофарингеальды аспират зерттеледі.

      2) туберкулез ауруының жоғарғы қауіпі бар халықтың арасындағы флюорография;

      3) тәуекел тобындағы балалардағы туберкулинодиагностика (туберкулин Манту сынамасы, рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамасы);

4. Ересектерді латентті туберкулез инфекциясына тестілеу үшін рекомбинантты туберкулез аллергені бар тест немесе гамма-интерферонды босатуға арналған тест қолданылады. Туберкулездің жоғарғы қауіпі бар тобына жататын ересек адамдарды : диализдегі, ағзаларды транспланттауға немесе гематологиялық транспланттауға дайындалып жатқан, иммуносупрессивті терапияны (глюкокортикоидтар, цитостатиктер және басқалар) алатын, ісік некрозы факторлары-a (бұдан әрі – ФНО-a) тежегіштерімен терапияны жаңа бастаған, силикозбен ауыратын пациенттерге  6-ай сайын салынады .

          

 Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын ауру қаупі жоғары халық топтарының тізбесі:

      1) бактерияның бөлінуіне қарамастан туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар;

      2) өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ/ЖИТС диспансерлік есепте тұрған және иммуносупрессивті терапия қабылдайтын адамдар;

      3) өкпесінде кез келген этиологиядағы қалдық құбылыстары бар адамдар;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар.

     Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдарының тізбесі:

      1) медициналық ұйымдардың қызметкерлері;

      2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері;

      3) әскери қызметке шақырылғандар;

      4) орта және жоғары оқу орындарының студенттері, училище оқушылары;

      5) 15-17 жастағы балалар;

      6) босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер перзентханадан шыққанға дейін;

      7) туберкулезге қарсы вакцинацияланбаған жаңа туған нәрестенің отбасы мүшелері, оны перинаталдық орталықтан (босандыру бөлімшесінен) шығарғанға дейін;

      8) стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерден, психоневрологиялық диспансерлерден арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар контингенті;

      9) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар;

      10) тергеудегі және сотталғандар (жылына 2 рет);

      11) ішкі істер органдарының қызметкерлері, оның ішінде мамандандырылған күзет қызметінің, патрульдік-посттық, жол-патрульдік және учаскелік қызметтердің, тергеу изоляторларының және түзеу мекемелерінің қызметкерлері (жылына 1 рет);

      12) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ететін, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын, сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды тасуды, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын әскери қызметкерлер (жылына 2 рет);

      13) жедел қызметтің әскери қызметкерлері (жылына 2 рет);

      14) Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери жасақтардың әскери қызметкерлері;

      15) тамақ өнеркәсібінің, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінің қызметкерлері;

      16) мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың қызметкерлері;

      17) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қызметкерлері;

      18) Қазақстан Республикасына уақытша тұруға, оның ішінде еңбек миграциясы бойынша келген адамдар

 Туберкулездің жаңа жағдайлары туберкулездің асқынған жағдайлары болып есептеледі:

      1) жітілеу және созылмалы диссеминирленген туберкулез;

      2) асқынған ағымды туберкулезді менингит;

      3) казеозды пневмония;

      4) өкпенің фиброзды-кавернады туберкулезі;

      5) асқынулары бар өкпеден тыс туберкулез.

 Туберкулиндік Манту сынамасы балаларда туберкулезді ерте  анықтау үшін қолданылады. Манту сынамасы – арнайы диагностикалық тест, екі халықаралық туберкулинді бірлігі бар тері ішіне арналған туберкулинді Манту сынамасы;Туберкулин – автоклавталған өсінді фильтраты, туберкулез микобактериясы өміршеңдігі өнімі; Балаларда туберкулезді анықтау үшін туберкулиндік Манту сынамасы қолданылады

  Манту сынамасын қояр алдында екі айлық интервалды сақтау мақсатында дифтерия-сіреспе анатоксин және қызылша қызамық, эпидпаротит вакциналарымен екі ай бұрын жүргізіледі.

Туберкулезбен ауру бойынша Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге  мынадай балалар жатады:

  • туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған балалар (отбасылық, туыстық, мектептік (ұжымдық), пәтерлік және басқа қарым-қатынастар);
  • 1) ата-аналары АИТВ жұқтырған, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, табысы аз, көшіп-қонушы отбасыдан шыққан;
  • 2) қант диабеті, бронх-өкпе жүйесінің тән емес аурулары, тамақтанудың бұзылуы (дене массасының тапшылығы) АИТВ-инфекция бойынша диспансерлік есепте тұрғандар, иммундық супрессивті терапия алатындар (глюкокортикоидтер, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар және басқалары), мүгедектер;
  • БЦЖ вакцинасымен егілмеген және вакцинасының белгісі қалыптаспаған балалар;
  • стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде және психоневрологиялық диспансерлерде арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алатын балалардың контингенті жатады.

Манту және туберкулездің рекомбинанттық аллерген сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар мөлдір сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.

Манту сынамасының нәтижелері :

 1) теріс – инфильтраттың және гиперемияның болмауы немесе "инемен шаншу реакциясының" болуы (0-1мм);

 2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;

 3) оң – 5 мм және одан астам инфильтрат (папула) анықталса. Көлемі 15 мм және одан астам инфильтрат немесе везикуло-некроздық өзгерістер және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбай, гиперергиялық реакция ретінде бағаланады.

      Диагностикалық мақсатта фтизиопедиатр қабылдауына жолданатын  балалар

      1) алғаш айқындалған оң туберкулин реакциясы бар;

      2) гиперергиялық туберкулин реакциясы бар;

      3) туберкулин сезімталдығының 6 мм және одан жоғарыға өсуі бар;

      4) көлемі 12 мм және одан астам инфильтраты бар балалар жіберіледі.

Оң  Манту  реакциясы  бар  балаларға туберкулин сезімталдығының этиологиясын анықтау мақсатында Туберкулезді рекомбинантты аллерген  салынады.  

Туберкулезді рекомбинантты аллерген  нәтижелері:

      1) теріс – инфильтраттың (папуланың) және гиперемияның толық болмауы немесе инемен шаншу (көлемі 2-3 мм гематома немесе көгеру түрінде) реакциясының болуы;

      2) күмәнді – инфильтратсыз кез-келген өлшемдегі гиперемия болған кезде;

      3) оң – кез-келген өлшемдегі инфильтрат (папула) болған кезде. 15 мм және одан астам инфильтрат болған кезде, сондай-ақ везикула-некроздық өзгерістер және (немесе) инфильтрат өлшеміне қарамастан, лимфангоит, лимфаденит гиперергиялық реакция ретінде қарастырылады.

"Туберкулез микробактериясының жұғуы алғаш айқындалған" диагнозы белгіленген балаларға басқа профилактикалық екпелер бақыланатын латентті туберкулез инфекциясының профилактикалық емдеуі аяқталғаннан кейін, науқастарға химиотерапияның толық курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Медициналық –санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда туберкулезге күдік болған кезде пациентті тексеру схемасы

     

                                                                                                                                          

There is no translation available.

Сулейменова Гулназира Тураровна 1986 жылы  27 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.  2003 жылы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Емдеу ісі мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2009 жылы дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдың 15 тамызынан 2011 жылдың 15 сәуірі аралығында Акушерия және гинекология мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Еңбек жолын 2012 жылдың 14 мамырынан бастап Шиелі аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінен акушер гинеколог міндетінен бастаған. 2018 жылдың 19 ақпанынан бастап  бүгінгі күнге дейін «Шиелі ауданаралық ауруханасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының Емхана  құрамындағы акушерлік гинекологиялық бөліміне ауыстырылған. 2019 жылдың ақпан айында бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған. І-санатты акушер-гинеколог дәрігер.  Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отырған үлгілі ана     Г.Т.Сулейменова ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасына»ұсынылады